USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстандық әскери қызметші халықаралық турнирде Го ойынынан үздік атанды

Фото: Го федерациясының баспасөз қызметі
Фото: Го федерациясының баспасөз қызметі
Халықаралық дода аясында қатысушылардың жеке шеберлік деңгейлеріне сәйкес арнайы санаттар бойынша да жеңімпаздар анықталды.

2026 жылғы 17-19 шілде күндері Алматы облысында Го ойынынан "Kunanbayev Cup – 2026" ІІІ халықаралық әуесқойлар турнирі жалауын тікті. Үшінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылған бұл айтулы додаға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Корея Республикасы, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерінен жиналған 60-тан астам таңдаулы спортшы қатысып, бақ сынасты.

Бүгінгі таңда Kunanbayev Cup Орталық Азия өңіріндегі ең беделді әрі ауқымды зияткерлік спорт жарыстарының біріне айналып үлгерді. 

"Бүгінде әлемнің 6 елінен 60-тан астам кәсіби ойыншы қатысып жатқан "Kunanbaev Cup" халықаралық турнирін өткізудеміз. Го – адамның стратегиялық ойлау қабілетін арттыратын терең философиялық ойын. Оның өзге зияткерлік ойындардан басты ерекшелігі – қарсыласты жою емес, онымен бірге қатар даму. Бұл жүйе бизнес жүргізуге де өте тиімді. Біздің негізгі миссиямыз – Қазақстан халқының кем дегенде 1 пайызын (шамамен 200 мың адамды) осы ойынға үйрету және оның елімізде ресми спорт түріне айналуына ықпал ету. Осы 3 жылдың ішінде 4000-нан астам оқушыны тәрбиеледік. Қазіргі таңда Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында филиалдарымызды ашып жатырмыз, ал басты арманымыз – еліміздің 17 қаласында осындай орталықтар ашу. Шәкірттеріміздің білімін арттыру үшін Оңтүстік Корея және Қытайдың Гуанчжоу қауымдастықтарымен тығыз байланыс орнатып, меморандумдарға қол қойдық. Мектептегі оқу ақылы, себебі түскен қаражат отандық және шет елден шақырылатын білікті мамандардың жалақысына жұмсалады. Бізге сенім білдіріп, қолдау көрсетіп жүрген барлық инвесторлар мен демеушілерге алғысымыз шексіз", – деді Ерлан Құнанбаев.

Үш күнге созылған ақыл-ой шайқасының қорытындысы бойынша негізгі тордағы бәсекеде ерекше шеберлік танытқан Қытай Халық Республикасының өкілі Бао Ифань (7 дан) қарсылас шақ келтірмей, турнирдің бас чемпионы атанды. Екінші орын кореялық гроссмейстер Ким Дохёпке (8 дан) бұйырса, үздік үштікті тағы бір қытайлық спортшы Е Сяоюнь (6 дан) түйіндеді.

Фото: Го федерациясының баспасөз қызметі

Отандық жанкүйерлер үшін турнирдің басты жаңалығы – Қазақстан намысын қорғаған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Мерей Хуанбайдың (1 дан) жарқын жеңісі болды. Ол зор шеберлік пен темірдей төзімділік көрсетіп, Го ойынынан Орталық Азияның ең үздік ойыншысы (аймақтық чемпион) атағын жеңіп алды. Осы санат бойынша күміс жүлде Қырғызстан елінің намысын қорғаған Эрнұр Эмильевке бұйырса, қола жүлдені Данай Айталиев еншіледі.

"Біздің негізгі мақсатымыз – бұл интеллектуалды ойынды Қазақстанда кеңінен дамыту және халықтың кем дегенде 1 пайызын ойнауға баулу. Осы бағытта ілгерілеу үшін 2025 жылы арнайы Ассоциация құрдық. Осы күнге дейін біз 4000-нан астам адамға, соның ішінде 700-ден астам балаға Go ойынын үйреттік. Қазіргі таңда жекеменшік мектептермен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, бұйырса, қыркүйек айынан бастап тағы 600-700 бала қатарымызға қосылады. Мектебімізде жас шектеуі жоқ: ең кішкентай шәкіртіміз 5 жаста болса, ең үлкені 70-тен асқан қария болды. Қазір өтіп жатқан турниріміз осымен үшінші жыл ұйымдастырылуда. Биылғы жүлде қоры – 10 000 доллар, ал жарысқа 6 мемлекеттен 60-тан астам ойыншы қатысуда. Шәкірттеріміздің халықаралық жетістіктері де бар: жақында ғана Шанхайдан оралған оқушымыз бар, ал тамыз айында тағы 8-9 бала Қытайға үлкен жарысқа аттанады. Go – стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын, жер жаулап алу мақсатындағы бірегей ойын. Мұнда тақтада қарсыласқа қарағанда көбірек аумақты қоршап алған ойыншы жеңіске жетеді. Ойын тек өз жүрісіңді емес, қарсыластың да жоспарын алдын ала түсініп, оған қарсы тиімді стратегия құруды талап етеді. Бұл ойын әлемнің 100-ден астам елінде ресми түрде ойналады және халықаралық федерациялары өте белсенді. Біз де жаңадан бастаушылар үшін әр жексенбі сайын сағат 15:00-де Жамбыл көшесі, 67-ші үй мекенжайында тұрақты кездесулер өткізіп тұрамыз. Келем деушілерге есігіміз әрқашан ашық", – деді 2023 жылы ашылған "Go" мектебінің директоры Ринат Амангелді.


Оқи отырыңыз: Шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінде жеңіске жетті 


Халықаралық дода аясында қатысушылардың жеке шеберлік деңгейлеріне сәйкес арнайы санаттар бойынша да жеңімпаздар анықталды.

Фото: Го федерациясының баспасөз қызметі

Өз топтарында оқ бойы озық шығып, тақта үстінде толайым табысқа жеткен отандық және шетелдік шеберлер Барлас Мұқанов, Эмир Сайын, Елена Попова, Жанар Тәукенова және Сафина Серікова өз санаттарында турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау