USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінде жеңіске жетті

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images
Әлем чемпиондары қатысқан жарыс аяқталды.

Бибісара Асаубаева шахматтан өткен Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын 1-орын алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды.

25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласындағы (Норвегия) Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қытай, Үндістан, Украина және Қазақстан) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.

​Бибісараның қарсыластары:

  • Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) – қазіргі әлем чемпионы;
  • Чжу Цзиньэр (Қытай) – әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы;
  • Хампи Конеру (Үндістан) – әлем шахматының белді өкілі;
  • Анна Музычук (Украина) – Norway Chess Women турнирінің былтырғы жеңімпазы;
  • Дивья Дешмукх (Үндістан) – әлем кубогының иегері.

"Бұл турнир Бибісара үшін дебют болды. Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр. Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз "Армагеддон" (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз