QazCode пен DAR Tech компаниялары серіктестік жасасу туралы меморандумға қол қойды. Олар серіктестік қарым-қатынасты нығайтып, IT қызметтерді бірге дамытпақ.
Серіктестіктің басты мақсаты – бағдарламаланатын өнімдерді бірге жасап, зерттеулерге мен білім саласындағы бастамаларға инвестиция салып, тәжірибе бөлісу. Оған қоса алдағы уақытта тағылымдама бағдарламаларын ұйымдастырып, кадр әлеуетін дамыту жоспарланған.
"Қазақстанның IT саласын өзгертіп қана қоймай, жаһандық инновацияларға бағдар болатындай әлемдік деңгейдегі дижитал экожүйе жасау үшін күшімізді біріктіріп, әрекет етпекпіз", – деді DAR Tech компаниясының өнім жасаумен айналысатын бөлім директоры Айдын Тойбаев.
Консорциум кандидаттары үшін бос орындарға іріктеу, көрмелерге қатысу және Қазақстандағы IT қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бизнесті дамыту да серіктестік аясында қарастырылады.
"IТ – экономиканың ең қарқынды әрі жылдам дамып жатқан салаларының бірі. Технологиялық шешімдерге мұқтаждық күн өткен сайын өсіп келеді. Бұл бізге шетелдік ескірген жүйелердің орнына отандық инновациялық әзірлемелер мен сервистер енгізуге мүмкіндік береді. Десек те, ол мақсаттарға жету үшін нарықтағы түрлі ойыншы бірлесіп күш салуы керек. Консорциумның басты міндеттерінің бірі де – осы", – деді QazCode басшысы Алексей Шаравар.
Оқи отырыңыз: DAR компаниялар тобы бизнесті басқаруға арналған қазақстандық Darlean ERP жүйесін халықаралық нарыққа шығарды