Қазақстанда ұлттық видеомониторинг жүйесінің аясында 43 мың камераға жасанды интеллект функциялары енгізілсе, олар 35 түрлі талдау жасайды. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
Камералар адамдардың топтасуын, төбелесін, заттарын қоғамдық жерде қалдыруын қоқыс тастауын және өзге де қоғамдық тәртіпті бұзуын тіркейді.
"Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және өзге де мүдделі органдармен бірлесіп, Ұлттық видеомониторинг жүйесін енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ол қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және тәртіп бұзылған жағдайда оны жедел тіркеу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді", – делінген министрдің жауабында.

