Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері азайды

Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 275,8 миллиард теңге қарастырылған.

"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге", – делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 391 мың адам.

Ал 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге құраған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз