Қазақстандағы автобустардың үштен бірі – 20 жылдан асқан жарамсыз көліктер

Елдегі жалпы автобус парктеріндегі жаңа автобустардың үлесі бар болғаны – 7,4%.

Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның автобус паркі көліктердің рекордтық көрсеткішіне жетті: 105 500. 2022 жылдың қыркүйек айының басымен салыстырғанда өсім 27,2%. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Тасымалдаушылар паркінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалуда. 2018-2021 жылдар аралығында елімізде мұндай көліктер санының қысқаруы байқалды. ҚР Ұлттық статистикалық бюросының деректеріне сүйенсек, жалпы көлік паркінде электробустар өте аз: бар болғаны 32 көлік. "Жасыл" автобустар негізінен Астана мен Алматыда жүреді. Сондай заманауи автобустардың бірі Түркістан облысы мен Шымкентте де тіркелген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрастырылған су жаңа автобустар бір жылға жетпей бұзылып жатыр.


Жалпы, қазақстандық автобус паркін ескірген деп атауға болады. Барлық автобустардың 35,9%-ы (немесе 37,9 мыңы) 20 жылдан асып кеткен ескі болса, тағы 40,4 мың дана арнайы көлік (38,3%) 10-20 жыл бойы жолаушылар тасымалдап келеді. Тек 7,8 мың көлікке әлі үш жыл толмаған. Елдегі жалпы автобус паркіндегі жаңа автобустардың үлесі аз: бар болғаны 7,4%.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау