2021 жылы мұндай 422 өлім тіркелсе, биылғы 11 айдың өзінде 465 адам жүрегінің тоқтап "жүріп кеткен".
Қазақстанда жүрек қызметінің кенеттен тоқтап қалуына байланысты адамдардың қайтыс болу дерегі көбейген. Соңғы үш жылдағы мәліметтер келесідей:
- 2020 жылы – 115;
- 2021 жылы – 422;
- 2022 жылғы 11 ай – 465.
Деректерді Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығына сілтеме жасай отырып, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында келтірді.
Есесіне, министрдің айтуынша, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім көрсеткішінде төмендеу бар. Биылғы 11 айда мұндай 27 528 оқиға тіркелген. Ал өткен жылы 41 775 дерек тіркеліп, өте жоғары мәнге (салыстыру үшін 2020 жылы – 29 426) ие болған.
Оқи отырыңыз: Қан тамыры қысымы ауруынан қалай сақтану керек және оның алдын алу жолдары қандай?
Денсаулық сақтау министрлігі өлім көрсеткішін азайту мақсатында ел тұрғындарына алғашқы көмек көрсету бойынша оқу шараларын жүргізеді.
"Медициналық білім жоқ азаматтар арасында алғашқы көмек көрсету тәртібін білуі тиіс адамдар тобы анықталған", – деді Ажар Ғиният.
Бұл топқа келесілер жатады: ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қарулы күштердің әскери қызметшілері, Ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары, ұлттық гвардия әскері, өрт сөндіру, апаттық-құтқару қызметінің жұмысшылары.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-