USD: 475.7 / 478.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстанда жас ғалымдарға 90 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант беріледі

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Ел ғалымдарының 48 пайызын жастар құрайды.

Қазақстанда ғылымды дамыту және жас ғалымдарды қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Ғылыми әлеуетті арттыру үшін гранттық қаржыландыруды көбейту, жас ғалымдардың жобаларын қолдау, халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

Осындай қолдау тәсілдерінің бірі – "Жас ғалым" жобасы. Бағдарлама жас зерттеушілерге ғылыми жобаларын іске асыруға, тәжірибе жинақтауға және отандық ғылымның дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. "Ғылым қоры", ғылыми тағылымдамалар және жоғары оқу орындары жанындағы зерттеу орталықтары жас мамандардың ғылым жолында қалыптасуына ықпал етіп келеді.

"Жыл сайын ғалымдарды қолдау мақсатында ғылыми жобалар, ғылыми конкурстар ұйымдастырылып, атаулы сыйлықақылар мен стипендиялар беріледі. Аймақтарда да ғылымды дамыту мақсатында бюджетке өзгеріс енгізіліп, қазіргі жергілікті әкімдік есебінен әр өңәрде ғылымға көңіл бөлініп отыр", – деді Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының пәнаралық ғылым орталығының басқарушы директоры Қуантар Әлиханов. 

Қазақстанда 28 мыңға жуық адам ғылыммен айналысса, оның 48 пайызын 40 жасқа толмаған жастар құрайды. Алдағы үш жылда ғылыми зерттеулерді қолдауға 173 миллиард теңге қарастырылған. Бір ғылыми жобаға 90 млн теңгеге дейін грант бөлінеді. Қаржыландыру мерзімі үш жылды құрайды. Грант қаржысы зерттеу жүргізуге, зертханалық жабдықтар мен материалдар сатып алуға, ғылыми іссапарларға, жарияланымдарға және зерттеу тобы мүшелерінің еңбекақысына жұмсалады. Сарапшылар бұл бастама жас ғалымдардың көбеюіне серпін береді дейді.

2024-2026 жылдарға арналған "Жас ғалым" гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы Арайлым Аманжолқызы бұл жоба жас ғалымдаорға, постдокторанттарға зерттеу жұмыстарын жалғастыруға үлкен мүмкіндік береді дейді. 

"Ұсынған жобам – гидроксипропилметилцеллюлоза негізінде өсімдік сығындыларының гидрогельдік формаларын жасау. Яғни "Дәрілік препараттарды иммобилизациялау" зертханасында өсімдік сығындылары негізінде жаңа гидрогельдік формаларды алып, олардың физика-химиялық қасиеттерін және биологиялық белсенділігін зерттеу. Мен дайындаған өнім медицинадағы өзекті мәселелерді шешуге және пайдалануға бағытталған", – деді Арайлым Аманжолқызы.

Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика саласына үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. 

"Қазақстанда кеңінен таралған өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарға бай екенін білеміз. Сол үшін де отандық шикізатты қолдана отырып жаңа дәрілік үлгілерді алу және әлемге тарату үлкен мақсат болып отыр. Ал ғылыми жұмыстарды жалғастыру үшін "Жас ғалым" гранттық қаржыландыруы – үлкен көмек", – деді жас ғалым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен инновацияны ел дамуының негізгі тіректерінің бірі деп санайды. Ғылыми кадрларды даярлау, зерттеушілерге жағдай жасау және жаңа технологияларды енгізу арқылы Қазақстан білімге негізделген экономика қалыптастыруды көздеп отыр.

Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі – зерттеу нәтижелерін нақты өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешуге пайдалану. Әсіресе су ресурстары, климат өзгерісі, экологиялық қауіпсіздік сияқты бағыттарда жас ғалымдардың еңбегі маңызды.

Жас ғалымдар үшін құрылған мемлекеттік бағдарламалар мен ғылыми қолдау тетіктері жаңа буын зерттеушілерінің қалыптасуына жол ашып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау