Тікелей эфир

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Кәсіби мерекелер тізіміне барлығы 63 мереке кіреді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелердің жаңа тізбесін бекітті.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа мерекелермен қоса, тізімде әртүрлі сала қызметкерлеріне арнағлан 55 мереке бар. 23 маусымда полиция мен мемлекеттік қызметші күні атап өтіледі. Ал 24 маусым – Судья және сот қызметкері күні. 28 маусымда Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні тойланады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары