Тікелей эфир

Қазақстанда жалақысы ең төмен салалар мен өңірлер анықталды

Орташа жалақы төмен өңірлер қатарында Жетісу және Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Қазақстан бойынша жалақысы төмен салалар мен өңірлер анықталды. Бұл туралы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев мәлімдеді

"Республика бойынша қарағанда ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жалақы – 47,3 пайызға, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 40,7 пайызға, өнер, ойын-сауық және демалыс 40,4 пайызға төмен," – делінген ақпаратта.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы әскери қызметшілер жалақысы 60%-ға дейін өседі


Сонымен қатар, орташа айлық жалақы республикалық деңгейден әлдеқайда төмен өңірлер бар.

"Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жалақы орташа республикалық деңгейден 29,2 пайызға, Жетісу облысында 27,7 пайызға төмен болды", – делінген ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары