Тікелей эфир

Қазақстанда "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламалары 2025 жылы іске қосылады

Жыл соңында Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мемлекеттен сыйлықақы алады.

Отбасы Банкі 2025 жылдың басында "Ұмай" және "Жасыл ипотека" ипотекалық бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Қаржы-несие ұйымының баспасөз қызметі.

Банк несиені тұрғын үйді сатып алуға да, жөндеуге де алуға болатынын атап өтті. Алушылардың жеке баспанасы бар-жоғына қарамайды.

Несиенің максималды сомасы 50 миллион теңгені құрайды, бастапқы жарна пәтер құнының 20 пайызынан басталады.

"Ұмай" бағдарламасы бойынша өңірлерде тұрғын үй сатып алудың бастапқы жарнасы 15 пайызды құрайды. Жыл соңында салымдарын жыл бойы толықтырған банк салымшыларына сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы да беріледі. 200 АЕК-тен аспайтын сомадан 20% бонус алынады, яғни биылғы жағдай бойынша 738 400 теңге.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары