Бүгін, 2024 жылдың 15 шілдесінде, 12 500 қазақстандық "Наурыз" бағдарламасының қатысушысы атанды. Өтініш берушілер мен жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімін гиперсілтеме арқылы өтіп көре аласыз.
Барлығы 38 320 өтінім өңделіп, оның әрбір үшіншісі қатысушылар тізіміне енген. "Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың басым бөлігі – ер адамдар.
"Тізімге енген 12 500 адамның 7 151 отбасылы қазақстандықтар, 9 100 кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Қатысушылардың шамамен 47% тұрғын үй кезегінде тұрғандар, олардың жартысы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады. Ең жас қатысушы – Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны. Ол политехникалық колледжде IT мамандығы бойынша білім алып жатыр. Отбасы банкінен депозит ашып, алғашқы жарнаға қаражат жинауға баланың ата-анасы көмектескен екен. Енді тәлімгер Алматыда пәтер сатып алуды жоспарлап отыр", – делінген Отбасы банк хабарламасында.
Оқи отырыңыз: "Күніне 200 теңгеден жинап, үйлі болғандар бар". Отбасы банкінің қызметкерлері өз жұмысы туралы айтып берді
"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар 15 шілдеден 14 қыркүйекке дейінгі уақыт аралығында Отбасы банкіне кредиттік өтінім беруі тиіс. Егер бағдарламаға қатысушы заем бойынша оң мақұлдау алса, онда желтоқсан айының ортасына дейін баспана тауып, оны сатып алуға уақыты болады.
Ұпайлар қалай есептеледі?
- салым бойынша сыйақы мөлшері – әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
- тіркелген некенің болуы – 5 ұпай;
- балалардың болуы – 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы – 10 ұпай;
- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.
Оқи отырыңыз: Отбасы банкі: Жас ғалымдардың ай сайынғы ипотекалық төлемі тоғызыншы жылдан бастап азаяды
"Наурыз" бағдарламасының шарттары:
- алғашқы жарна – 20%-дан бастап;
- тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
- азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
- несие мерзімі – 19 жылға дейін.