Қазақстанда түрлі-түсті авто қауіпсіздік белдігі міндетті бола ма

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазір Ресейде мұндай талапты ЕАЭО аумағына қолданылатын техникалық регламентке енгізу мәселесі қаралып жатыр.

Ресейдің Ішкі істер министрлігі "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Kolesa.kz ресейлік ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. 

Негізгі өзгерістердің бірі автокөліктердегі қауіпсіздік белдігіне қатысты. Көлік жүргізушілердің белдік тағуға қатысты талапты орындауы үшін оның ұзындығын қадағалайтын және оны тақпаған жағдайда дыбыстық сигнал беру жүйелерін міндетті ету көзделген. Сондай-ақ, жүргізушінің белдік таққан-тақпағанын анықтау үшін қауіпсіздік белдігін түрлі-түсті ету немесе жарыққа шағылысатын түспен бояу жоспарда бар. 

Өзгерістерді Ресей тарабы ұсынып жатқанымен, егер ол қабылданған жағдайда бұл талап Қазақстанға да ортақ болады. Өйткені, Kolesa.kz түсіндіруінше, құжат бүкіл ЕАЭО аумағын қамтиды.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз