Тікелей эфир

eGov арқылы автокөліктен кепілді жылдам алып тастауға болады

Қазір тиісті жоба дайындалуда.

Автокөліктен кепілді тіркеу және алып тастау қызметі электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады. Қазіргі уақытта жоба дайындалуда, деп хабарлады Алматы полиция департаменті Informburo.kz сайтының сауалына берген жауабында.

"Қазіргі таңда "Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы" Заңның талаптарына сәйкес көлік құралдарындағы кепілдер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде тіркеледі. Тиісті органдар берген құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректер базасына шектеулер қосылады және алынып тасталады. Сондай-ақ, пилоттық жоба бойынша кейбір екінші деңгейлі банктер кепілді электронды түрде тіркеп, алып тастайды", – деп жазылған сауалға жауапта.

Бүгінгі таңда мүліктен кепілді алып тастаудың автоматтандырылған процесі тек төрт банкте жұмыс істейді: "Отбасы Банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Bank Freedom Finance Kazakhstan" АҚ. Тағы төрт екінші деңгейлі банктермен сынақ жұмыстары жүргізілуде.


Оқи отырыңыз: Мүліктен кепілді жылдам алып тастау: оңайлатылған процедура тек төрт банкте жұмыс істейді


 

Серіктестер жаңалықтары