Қазіргі қолданыстағы "Үйде ұсталатын қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттарда" олардың өзгешеліктері толық ескерілмеген.
Мемлекеттік өкілетті орган және ұлттық орталықтағы ғалымдар сарапшылармен бірлесіп, қазақы төбет пен тазы иттерінің өз алдына жеке стандарттарын әзірлейді, деді мәжіліс депутаты Әмірхан Рахымжанов.
Депутаттың айтуынша, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген үйде ұсталатын қазақы ит тұқымдарына қатысты стандарттар қолданыста бар. Алайда тазы және басқа да ит тұқымдарының бойына, жүніне байланысты әртүрлі болып келеді.
"Әр өңірде тазымен және төбет иттермен айналысып жүрген азаматтар бар. Иттердің түріне қарасаң, бойлары да бірдей емес. Сондықтан заң шыққаннан кейін осы мәселеге қатты көңіл бөлінеді. Өкілетті орган және орталықтағы ғалымдар сарапшылармен бірлесіп, стандарттарды әзірлейтін болады. Төбет иттердің де стандарттары әзірленеді. Бұрын ондай болмаған", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: Ақтөбелік төбет баптаушылар оларды сынақ үшін таластыруға рұқсатты қалдыруды сұрап наразылыққа шықты
Айта кетейік, Мәжіліс "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылап жатыр. Бұл заң қолданысқа енген кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығының күші жойылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-