Ақтөбелік төбет баптаушылар оларды сынақ үшін таластыруға рұқсатты қалдыруды сұрап наразылыққа шықты

Олар мұндай сынақсыз қазақы төбет пен тазы табиғи қасиетінен айырылатынын айтып отыр.

Ақтөбеде ит асыраушылар төбеттерді таластыруға тыйым салатын заң жобасына қарсы наразылыққа шықты. Олардың айтуынша, қазақы төбеттің тұқымын тексеру үшін азуы мен жүректілігін сынақтан өткізіп тұру керек екен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларды қорғауға арналған заң жобасында ит таластыруға толықтай тыйым салынатынын айтқан болатын.

"Төбеттердің күшін сынау, мінезін тексеру мақсатында, сондай-ақ, олардың алдағы уақытта мал бағып жүрген шопанның артында қасқырға шаба алатын-алмайтынын тексеру үшін оларды таластырамыз. Біздің ойымыз оларды төбелестіріп, пайда табу емес, қайта ары қарай дамыту", – дейді Ақтөбе қаласы "Жекпе-жек" питомнигінің төрағасы Еркебұлан Сарман.

Алайда жануарларды таластыру арқылы олардың денсаулығына зақым келтіретін спорт түрлеріне тыйым салу мәселесін қолдайтындар бұл жануарға қатыгездік таныту деп санайды. Бірақ, мамандар бұл заң жобасында шикіліктер бар екенін айтып отыр.

"Біз бұл заң жобасының толық емес екенін, әлі де зерттеліп, қаралуы керектігін көріп отырмыз. Әрине, иттерді таластыру біз үшін өте аянышты. Бірақ, бұл мәселеге өз мамандары, яғни кинологтар, ит бағумен айналысатындар араласып, пікір қосу керек деп ойлаймын. Ит таластыру болғаны жөн. Бірақ, белгілі бір шектеу болуы керек. Яғни, қатігездікке жол берілмеуі керек", – дейді "Қамқор" жан-жануарларды қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Острецова.

Ақтөбелік ит баптаушылар қазақы төбет пен тазыны дамыту мақсатында және тек сынақ үшін төбелестіруді заңға енгізу қажет деп санайды.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары