Тікелей эфир

Қазақстанда тағы бір ауылдың атауы қазақшаланады

Ақмола облысындағы Кировское ауылын Қаражон деп қайта атау жоспарланып отыр.

Бұл туралы шық НҚА порталында жарияланған Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімінің жобасынан белгілі болды.

"Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округіне қарасты Кировское ауылының атауы Қаражон ауылы болып өзгертілсін. Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – делінген құжат жобасында.

Ақмола облысында ауыл атауларын қазақшалау қарқынды жүріп жатыр. Аз уақыт бұрын Ерголка ауылдық округі Тоқтамыс, ал Карамышевка ауылдық округі Шұбарағаш деп қайта аталған болатын.


Оқи отырыңыз: "Қош, Ленин": Павлодардағы кент енді Атамекен деп аталады 


Шешім жобасы 22 мамырға дейін жария талқылауға ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары