Прямой эфир Новости спорта

"Қош, Ленин": Павлодардағы кент енді Атамекен деп аталады

Атауды өзгертуге жарты жылға жуық уақыт қажет.

Павлодар қаласындағы Ленин кентінің атауы Атамекен болып өзгереді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласына қарасты Ленин кентінің мәдениет үйінде кент атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Кент әкімі Маржан Алшымбаеваның айтуынша, тоқсан сайын тұрғындармен кездесу өтіп тұрады. Сол кездесулерде кенттің атауын өзгерту туралы өтініш жиі түсіп тұрған. 

"Оған дейін жергілікті тұрғындармен жиындар өтті. Ақпараттандырдық. Топтар құрылды. Көп ұсыныс түсті. 20-ға жуық атау ұсынылды. Дегенмен жергілікті тұрғындармен өткен жиындарда 7 ұсыныс іріктелді. Оған Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына, Жетінші ауыл атаулары және атауды өзгертпеу нұсқасы кірді. Одан кейін бүгінгі қорытынды жиында екі атау: Қазанғап би және Атамекенді қарастыру туралы шешім қабылданды", – деді Маржан Алшымбаева.

Қоғамдық тыңдауға кент тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, жақын ауылдардағы және қаладағы ауылдың тумалары, ауылға қатысы жоқ адамдар да келді. Жиналғандардың пікірі тыңдалды. Алайда, шешімді жергілікті қоғамдастық мүшелері шығарды. 

Дауыс беруге жергілікті қоғамдастықтың 50 мүшесі қатысып, 49 адам Атамекен атауына  дауыс берді. Енді заңнама бойынша атауды өзгерту жұмысына 3-6 ай уақыт жұмсалады. 

Ленин кентінде 10 мыңнан астам адам, оның ішінде 20-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері тұрады.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары