USD: 465.5 / 468.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.41 / 5.53
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Қазақстанда шілдеде пәтерлер мен жеке үйлерге сұраныс төмендеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматы мен Астана тұрғын үй саудасы бойынша көш бастады.

2026 жылғы шілде айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 37 158 мәміле тіркелді. Бұл маусым айымен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Шілде айында тұрғын үй нарығындағы ең жоғары белсенділік:

  • Алматыда – 7 263 мәміле (19,5%);
  • Астанада – 6 999 мәміле (18,8%);
  • Қарағанды облысында – 2 688 мәміле (7,2%) тіркелді.

Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында байқалды. Өңірде небәрі 311 мәміле жасалған.

Маусыммен салыстырғанда мәмілелер санының ең жоғары өсімі:

  • Шымкентте – 14,2%;
  • Батыс Қазақстан облысында – 14%;
  • Жамбыл облысында – 11,5% болды.

Ал ең үлкен төмендеу:

  • Маңғыстау облысында – 33,7%;
  • Қарағанды облысында – 28,7%;
  • Түркістан облысында – 22,4% тіркелді.

"Шілде айында көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй бойынша 28 575 мәміле жасалып, бұл жалпы мәмілелердің 76,9%-ын құрады. Маусыммен салыстырғанда пәтерлерді сатып алу-сату көлемі 2,9%-ға азайған. Ең көп сатылған тұрғын үй түрі – екі бөлмелі пәтерлер. Олар бойынша 11 056 мәміле тіркелді. Жеке тұрғын үйлер нарығында да төмендеу байқалды. Шілдеде 8 583 мәміле жасалып, бұл маусым айымен салыстырғанда 10,8%-ға аз", – делінген хабарламада. 

Жылдық көрсеткіш бойынша да тұрғын үй нарығының белсенділігі төмендеген. 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда мәмілелер саны 6,5%-ға, ал 2026 жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша 2,6%-ға азайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау