USD: 467.5 / 470.1
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.53 / 5.65
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстанда шілдеде 141 мыңнан астам адам жұмыс іздеді. Ең көп сұраныс қай салаларда болды?

Фото: Project-syndicate.org
Фото: Project-syndicate.org
Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторына 1,1 млн теңге жалақы ұсынылған.

2026 жылғы шілдеде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме жариялады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер саны 11,5%-ға өскен. Министрлік мұны жаз мезгілінде оқу орындары түлектерінің еңбек нарығына жаппай шығуымен байланыстырды.

Шілде айында жұмыс берушілер ең көп қызметкерді мына салалардан іздеген:

  • білім беру – 23,4 мың бос жұмыс орны;
  • қызмет көрсету саласы – 16 мың;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 10,3 мың;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 8,2 мың;
  • өңдеу өнеркәсібі – 6,8 мың;
  • құрылыс – 5,7 мың.

Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны:

  • Астана – 8,8 мың;
  • Түркістан облысы – 7,6 мың;
  • Павлодар облысы – 7,1 мың;
  • Алматы қаласы – 7 мың;
  • Ақмола облысы – 6,9 мың.

Жұмыс берушілердің сұранысында орта білікті мамандар басым болды. Олар барлық бос жұмыс орындарының 38,8%-ын құрады.

Шілде айында ең жоғары ұсынылған жалақы:

  • бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы – шамамен 1,12 млн теңге;
  • ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор – шамамен 910 мың теңге;
  • маркетинг және өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасары – шамамен 900 мың теңге.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күткендер:

  • ұшқыштар – шамамен 2,39 млн теңге;
  • стюардессалар – шамамен 1,43 млн теңге;
  • электр станциясының бастығы лауазымына үміткерлер – шамамен 1,32 млн теңге.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында 709 мың бос жұмыс орны және 877,2 мың түйіндеме жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау