Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқан

Сонымен қатар қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген.

Қазақстанда семіздік дертіне шалдыққан балалар күрт артқан, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.

Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады екен. Ал бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі.

Сонымен қатар қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген. Бұл аурулар дұрыс тамақтанбау және спортпен шұғылданбаудың кесірінен туындайды дейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз