
2025 жылғы наурызда Қазақстанда 19 629 жаңа көлік сатылды. Бұл өткен жылғы наурыздағы көрсеткіштен 23,4% артық. Бұл туралы Қазақстан автокөлік одағы хабарлады.
Ал тоқсандық (қаңтар, ақпан, наурыз) көрсеткіш бойынша өткен жылмен салыстырғандағы өсім 18,8 пайызға тең.
Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашеваның айтуынша, 2025 жылғы сату көрсеткіші 2024 жылдан әлдеқайда жоғары болатыны болжанған. Бұған іске қосылған жеңілдікті бағдарламалар мен кепілдік бойынша қызметтер негіз болып отыр.
Наурыз статистикасы бойынша, ең көп сатылған көлік маркалары Hyundai, Chevrolet, Kia, Jetour және Chery болған. Айта кетерлігі, қытайлық көлік маркаларының сату көрсеткіші қарқын алған. Аталған маркалардан бөлек, Haval, Jac, Geely, Changan көлік маркалары да үздіктер қатарында. Олардың бәрінде өсім 50 пайыз шамасында болса, тек Changan көліктерінің сатылымы өткен наурызбен салыстырғанда 42 пайызға кемігенін байқаймыз.
Оқи отырыңыз: Автокөлік салоны қосымша құрылғы сатып алуға міндеттесе не істеу керек? Заңгер кеңесі
Дегенмен, нарыққа қытайлық жаңа брендтер де көптеп қосылып жатыр.
Мәселен, сәуірде KAIYI брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы жаңартылған толық жетекті SUV-кроссоверін – KAIYI X7 AWD ұсынды. Ол – заманауи дизайн, озық технологияны, қуатты қозғалтқышты және жоғары қауіпсіздік деңгейін өзіңде керемет үйлестіретін, яғни заманауи нарық талаптарын ескере отырып жасалған кроссовер.
Ferrari дизайнерлері әзірлеген KAIYI X7 экстерьері көліктің жарқын сипатын көрсетіп, жолда өзіне назар аудартады. Салоны стильді ақшыл немесе қара түсті әрлеумен және жоғары жайлылық деңгейімен ерекшеленеді. Кең интерьер 5 және 7 орындық конфигурацияларда қол жетімді. Жеті орындық нұсқа бірнеше баласы бар үлкен отбасыларға немесе жолаушылар мен багажға қосымша орын қажет болатын компаниямен жол жүргенде ыңғайлы.
"Біздің модельдік қатарымызда маңызды орын алатын кроссовер баға, сапа мен заманауи технологиялардың оңтайлы үйлесімінің арқасында қазақстандық нарықта үлкен әлеуетке ие", – деді Қазақстандағы KAIYI дистрибуция директоры Юлия Тишакова.