Айыпхан Мұхамедиев жүргізушілерге техникалық құжатпен жіті танысуға кеңес берді.
Алматы қаласында автокөлік сататын салондар темір тұлпар сатып алуға келгендерді қосымша құрылғылар мен аксессуарлар алуға міндеттеген. Автодиллерлердің бұндай бассыздығын тұтынушылар құқығын қорғау комитеті анықтап отыр. Осы орайда заңгер Айыпхан Мұхамедиев көлік сатып алушыларға алданып қалмау үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы ол 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасында айтты.
"Бұл үшін әр адам автосалонға барған кезде техникалық құжатпен танысып, көліктің қандай негізгі және қосымша құралдары бар екенін анықтайды. Кейін тек көлікті заводтан шыққан құрылғыларымен алғысы келетінін айтып, мұны жазбаша түрде көрсетеді. Егер осылай дауласып жүргенде көлігі басқа біреуге сатылып кететін болса, онда ол сот арқылы бүкіл шығынды өндіріп ала алады", – деді Айыпхан Мұхамедиев.
Мұнымен қатар, заңгер тиісті органдардың дәл осындай көп фактіні анықтап отырғанын айтты.
Оқи отырыңыз: Автонесие бағдарламасына бастапқы жарна енгізу қаншалықты заңды? Заңгер жауабы
"Мыңдаған адамның құқығы бұзылып отырғандықтан, олар сотқа арыздана алады. Қазақстанда бүкіл заңның орындалуын қамтамасыз ететін прокуратура бар. Осы прокуратура кешенді зерттеу жүргізіп, заң бұзған автосалондарды жауапқа тартады", – деді заңгер.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
251
-
0
-
1
-
-
2💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
263
-
0
-
0
-
-
3🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
249
-
0
-
2
-
-
4🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
247
-
0
-
0
-
-
5✈️ "Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды". Air Astana айыппұлға қатысты сот шешіміне шағым түсіреді
-
240
-
1
-
0
-
-
6🦠 Сібір жарасы: Жамбыл облысындағы бір ауыл карантинге жабылды
-
230
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қазақстан электр энергиясын Түркия мен Еуропаға экспорттауды жоспарлап отыр
-
225
-
0
-
1
-
-
8💸 Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді
-
218
-
0
-
0
-
-
9🛍 Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 113 елдің арасында 32-ші орында
-
222
-
0
-
0
-
-
10🚬 Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің бағасы көтеріледі
-
253
-
0
-
0
-