Энергетика министрінің айтуынша, атом электр станцияларын салу үшін батыс технологиялары пайдаланылуы мүмкін.
Қазақстанда атом электр станциясын салғанда қай елдің технологиясы қолданылатыны әзірге белгісіз. Ресеймен тек маман даярлау бойынша келісімге келдік, деп мәлімдеді энергетика министрі Болат Ақшолақов.
"Францияда Жапония және Америкамен бірлескен кәсіпорын бар. Оңтүстік Корея мен Қытайдың өзі де дамыған. Сол себепті біз бұл сұрақты (атом электр станциясына қажет технологиялар мәселесі – ред. түсіндірмесі) әлі қарастырған жоқпыз. Қазір негізінен оны қай жерге орналастыру, су, тектоника мәселелері және жер сілкінісі болмайтын аумақты таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Ал технологиялар – екінші мәселе", – деді Болат Ақшолақов.
Десе де, министр биыл Ресеймен мамандар даярлау бойынша меморандумға қол қойылғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Сәтқалиев: Оңтүстіктегі энергия дефицитін шешудің ең тиімді жолы – АЭС салу
- Энергетика министрі: Қолда бар энергия көздері 10 жылдан кейінгі қажеттілікті өтей алмайды
"Росатоммен" маман даярлау үшін келісім жасастық. Өкінішке орай, бізде осы салаға қажет мамандарды даярлайтын оқу орындары жоқ. Егер станция салатын болсақ, оның біреуіне шамамен 2 мыңдай адам қажет болады. Бұл тек жұмысшылар емес, білікті мамандар болуы қажет. Олар 4-5 жыл білім алып, одан кейін 2 жылдай тәжірибеден өтуі тиіс. Ал қай елдің технологиясын пайдаланатынымыз әлі айқындалмады", – деп қосты министр.
Еске салсақ, қазақстандықтардың 55%-ының АЭС салынуына қарсы екенін хабарлаған едік. 40% қатысушы атом энергетикасын пайдаланған дұрыс, бірақ одан келетін қауіп-қатерді алдын ала егжей-тегжей зерттеу керек дейді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-