Қазақстанда Құрылтай сайлауына дауыс беру үшін учаскелер ашылды

Қазақстанда Құрылтай сайлауына дауыс беру үшін учаскелер ашылды
Сайлау комиссиялары жұмысына кірісті.

Қазақстанда Құрылтай сайлауы басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақтардағы барлық 10 344 учаске дауыс қабылдауды бастап кетті. Олар кешкі сағат 20.00-ге дейін ашық болады. Ал әскери бөлімдерде, ауруханалар мен санаторийлерде, демалыс орындары мен ауысымдық кенттерде, сондай-ақ тоқтаусыз жұмыс істейтін өндіріс орындарында құрылған кейбір учаскелерде тиісті тізімдегі азаматтар түгел дауыс беріп болса, комиссия дауыс беруді кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады.

Бұл жолы сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енгізілді. Сайлаудың әділ өтуін 777 байқаушы қадағалайды. Оның 160-ы – 42 шет мемлекеттен, ал 617-сі – 13 халықаралық ұйымнан келген өкілдер.

Сайлау бюллетені азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты тексеріліп, тізім бойынша қолына беріледі. Оны толтыру үшін азамат жасырын дауыс беру кабинасына кіруі тиіс. Бұл сәтте кабинада сайлаушыдан басқа ешкімнің тұруына болмайды.

Құрылтайдан орын алу үшін бұл додаға жеті саяси партия түсіп жатыр (бюллетеньдегі реті бойынша):

  • "Әділет";
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • "Ауыл";
  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы;
  • Respublica.

Сайлаушы өз таңдауын жасау үшін өзі қолдайтын партияның тұсындағы немесе "Бәріне қарсымын" деген жолдың оң жағындағы бос шаршыға белгі қояды.


Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауында бірінші болып Корея мен Жапониядағы отандастар дауыс берді


Бюллетенді қарындашпен белгілеуге немесе ондағы жазуларды түзетуге тыйым салынады. Сонымен қатар дауыс берілген бюллетенді суретке, видеоға түсіруге және оны сайлау өтіп жатқан күні ғаламторда таратуға болмайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау