Атырауда егіздер Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау қаласындағы Салық Зиманов атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектепте орналасқан №256 сайлау учаскесіне егіздер де келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты.

Аяулым мен Асылым Сапарова, Мөлдір мен Темірлан Өмірсерік, Ануарбек пен Әділбек Исекенов сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Егіздер сайлауға бірге қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бүгін бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Дауыс беру – әр азаматтың ел болашағына қосатын үлесі деп ойлаймын. Сондықтан маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық міндетімізді орындауды жөн көрдік. Сайлаудан кейін үлкен өзгерістер күтеміз. Әсіресе жастарға қолдау болады деген үміттеміз", – деді Темірлан мен Мөлдір Өмірсерік.

Айта кетейік, №256 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Сайлау процесі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылып, азаматтар өз таңдауларын жасауда.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау