Тікелей эфир

Қазақстанда қазақы ит тұқымдарының стандарты бекітілді

Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сулейменова "Қазақы ит тұқымдарының стандартын бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды. Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Бұған дейін министрлікке қарасыты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті  тазы мен төбет иттердің стандартын әзірлеген еді. 


Оқи отырыңыз: Қазақы тазы мен төбеттің стандарты әзірленді


Еске салайық, 2022 жылы VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылаған кезде экс-депутат Әмірхан Рахымжанов мұндай стандарт әзірлеудің маңызын түсіндіріп берген еді.

"Әр өңірде тазымен және төбет иттермен айналысып жүрген азаматтар бар. Иттердің түріне қарасаң, бойлары да бірдей емес. Сондықтан заң шыққаннан кейін осы мәселеге қатты көңіл бөлінеді. Өкілетті орган және орталықтағы ғалымдар сарапшылармен бірлесіп, стандарттарды әзірлейтін болады. Төбет иттердің де стандарттары әзірленеді. Бұрын ондай болмаған", – деген еді Әмірхан Рахымжанов.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары