Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысымен бірқатар қара шайдың таралуы мен сатылуына толық тыйым салынды.
Тыйым салуға аталған шайлардың құрамынан адам денсаулығына аса қауіпті E110, E102 және E124 тағамдық бояғыштарының анықталуы себеп болған. Мамандардың айтуынша, бұл қоспалар шайдың түсін қанық әрі "тартымды" ету үшін қолданылады.
Атап айтқанда, E110 шайға күн батар кездегідей сарғыш-қызғылт рең берсе, E102 (тартразин) өнімді қызыл түске бояйды. Ал E124 бояғышы астмасы бар адамдар үшін ерекше қауіпті – ол аллергиялық реакция туғызып, тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін. Екі тәуелсіз зертхананың қорытындысына сүйене отырып, Бас санитар дәрігер төмендегі шай түрлерінің сатылуына тыйым салды:
Тыйым салынған шайлар тізімі:
- "Апамның шәйі Premium gold", Al-Hayat Gold, "БАЛҚИЯ Premium gold" – өндіруші Orda Trade Astana ЖШҚ (Алматы облысы);
- Sultan Suleyman, Pakistan tea – өндіруші Real Trade Astana ЖШҚ (Астана қаласы);
- "БАЛҚИЯ Premium gold" – өндіруші "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қаласы);
- Aje Onim – "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қаласы), "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша;
- Al-Hayat Gold – өндіруші Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
- Al-Jannat Premium – өндіруші Ferdaus ЖҚ (Алматы қаласы);
- Alfarah – өндірушісі қаптамада көрсетілмеген.
Айта кетейік, аталған шайлардың басым бөлігі әлеуметтік желілерде кеңінен жарнамаланған. Оларды миллиондаған оқырманы бар блогерлер, әншілер мен әртістер насихаттаған. Тіпті кейбір өнер жұлдыздары өз атынан шай өнімдерін шығарып, жарнамалағаны белгілі.
Санитарлық қызмет азаматтарды тағам өнімдерін сатып алғанда оның құрамына мұқият назар аударуға шақырады.
USD:
511.5 / 514.9
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.23 / 6.43