Қазақстанға шетелден жеткізілетін шайдың көлемі азайды

Қазақстанда бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай ішеді.

Қазақстанға шетелден жеткізілетін шайдың көлемі азайды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Биыл алты айдың ішінде Қазақстанға 40,4 миллион АҚШ долларға 13,4 мың тонна шай импортталды. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 28,1 пайызға аз болып тұр.

Қазақстанда шайды жеткізуші негізгі елдер:

  • Кения – 4,8 мың тонна;
  • Үндістан – 4,7 мың тонна;
  • Қытай мен Ресей – әрқайсысы 1,1 мың тонна;
  • Бұдан бөлек, шай өнімдері Вьетнам, Иран, Шри-Ланка мен Грузиядан жеткізіледі.

Қазақстан өз кезегінде шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады.

Айта кетері, өткен жылдың есебі бойынша Қазақстанда бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай ішеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз