USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қазақстанда қант пен қарақұмық арзандады

Апта ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында баға тұрақты болған.

Қазақстанда алты апта қатарынан қант пен қарақұмық арзандады. Күнбағыс майының бағасы төрт аптадан бері төмендеп келеді, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

Бір апта ішінде қарақұмық, күнбағыс майы (-0,6%), картоп (-0,5%), қант, тауық еті (-0,2%), сәбіз және ұн (-0,1%) арзандады. Макарон өнімдері мен тұздың бағасы өзгерген жоқ.

"Апта ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында баға тұрақты болды", – деді министрліктегілер.

Орташа алғанда бір аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 0,1%-ға өсті. Пияз – 1,3%-ға, сүт – 0,7%-ға, айран – 0,6%-ға, күріш – 0,3%-ға қымбаттады. Республика бойынша қордағы пияздың келісі орта есеппен 150 теңгеден, картоп – 149 теңгеден, сәбіз – 131 теңгеден, қырыққабат – 105 теңгеден сатылуда. Ақпан айының басынан бері қордан 53 497 тонна көкөніс сатылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз