Прямой эфир Новости спорта

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі жаңарады

Жаңа тізімде 19 түрлі азық-түлік қамтылған.

Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі азық-түлік кіреді:

  • Бірінші сортты бидай ұны;
  • Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
  • Рожки (өлшеніп салынатын);
  • Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын):
  • Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
  • Картоп;
  • Асханалық сәбіз;
  • Басты пияз;
  • Ақ қауданды қырыққабат;
  • Ақ қант – құмшекер;
  • Күнбағыс майы;
  • Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
  • Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
  • Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
  • Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
  • Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
  • Тауық жұмыртқасы (I санатты);
  • Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа);
  • Сүзбе: майлылығы 5-9%. 
Сурет: informburo.kz

Оқи отырыңыз: 2025 жылға дейін халықты әлеуметтік маңызы бар тауармен қамту – өзекті мәселе


Құжат 18 сәуірге дейін қоғам талқысына ашық.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары