Тікелей эфир

Қазақстанда қант өндірісі бір жылда 7,4% азайды

Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 18,6% өскен еді.

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында отандық компаниялар 174,9 мың тонна қамыс немесе қызылша қант пен сірне өндірді. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемі 7,4% азайды. Бір жыл бұрын өндіріс көлемі 18,6% өскен. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Қамыс немесе қызылша қанты және қатты күйдегі химиялық таза сахароза импорты 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 278,8 мың тоннаны құрады. Бұл – 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе артық. Қазақстанға негізгі қант жеткізушілер – Ресей мен Бразилия. Ресейден импорт бір жылда 2,5 есе, яғни 157,7 мың тоннаға дейін, ал Бразилиядан 3,8%, яғни 111,9 мың тоннаға дейін өсті.


Оқи отырыңыз: Мақсат Халық: Қант тапшылығы мәселесінің бір жылда шешілуі қиын.


Былтыр "қант дағдарысы" болды, оның негізгі себебі – біздің елімізге қант пен оның өндірісіне керек шикізатты негізгі жеткізуші Ресейде қант экспортына салынған тыйым болды.

Ал 2023 жылы шілдеде қант бірден 1,1% арзандады. Жалпы биыл айлық динамикадағы қант бағасы маусым айында 0,5% өсті.

ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин биыл күзде қант қымбаттамайтынын, ал қымбаттаса ол қазақстандық нарыққа тәуелді емес сыртқы факторларға байланысты болатынын мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: Қант зиян және қымбат. Оны немен алмастыруға болады?


 

Серіктестер жаңалықтары