Тікелей эфир

Мақсат Халық: Қант тапшылығы мәселесінің бір жылда шешілуі қиын

Қазақстан қанттың керек мөлшерінің 50 пайыздан астамын Ресейден алып келген.

Қазақстан шетелден өзінде тапшы тауарды тапқанымен, ол еуразиялық экономикалық одақтың регламенті мен стандартына сәйкес келуі керек. Осы тұста ЕЭО-ның кедергісі болып тұр, деп түсіндірді экономист Мақсат Халық. Бұл туралы ол 31 арнаның "Инфоормбюро" ақпараттық бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

"Осы уақытқа дейін гигиеналық заттар мен тұрмыстық техниканы көбіне Ресейден тасымалдап келдік. Енді Ресейдегі көптеген фирма мен компания жабылғандықтан, қазір ол тауарлар бізге жетпей отыр. Жоғарыда аталған заттардың қымбаттап жатқанын көруге болады. Бұлар азық-түлік болмаса да, әлеуметтік маңызы бар тауарлар болып саналады", – деді Мақсат Халық. 

Экономист мұндай тапшылықтың тауарларды басқа мемлекеттен алып келу жолын қалыптастырғанша жалғасатынын айтады. Сондай-ақ, логистика мәселесі реттелгенше тауар тапшылығы мен бағасының қымбаттауы байқалады. 


Оқи отырыңыз: Арзан қант ұсынатын интернет алаяқтары көбейді 


"Жағдайдың дәл қазір бірден тұрақталуы қиын. Өйткені, қанттың керек мөлшерінің 50 пайыздан астамын Ресейден алып отырдық. Сол себепті бұл мәселені бір жылдың ішінде жолға қою қиын. Қазір үкімет дағдарысқа қарсы шараларға бас қатырып отыр. Мысалы, қантты Үндістаннан алып келуге болады. Біз тауарды тапқанмен, елге әкелу үшін ол еуразиялық экономикалық одақтың регламенті мен стандартына сәйкес келуі керек. Яғни осы тұста еуразиялық экономикалық одақ бізге кедергі болып тұр", – деді Мақсат Халық. 

Серіктестер жаңалықтары