USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда қанша адам рақымшылық аясында бостандыққа шықты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Рақымшылық аясында түрмеден 620 адам босатылды.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық рақымшылық аясында бүгінге дейін қанша адамның бостандыққа шыққанын мәлімдеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, соттарға рақымшылық жасау туралы 10 мыңға жуық ұсыныс жолданған. Оның ішінде:

  • 4 400 ұсынысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері;
  • 6 900-ден астамын пробациялық қызметтер дайындаған.

Қазір соттар мыңнан астам материалды қарап, соның нәтижесінде 620 адам түзеу мекемелерінен босатылған.

Министрлік мәліметінше, түрмеден босатылған азаматтардың барлығы әкімшілік бақылауға алынады. Сондай-ақ пробациялық қызметтердің ұсыныстары негізінде:

  • 724 адам жазадан толық босатылды;
  • 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

Нияз Рыспаевтың айтуынша, рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталғанның ісі жеке қаралады, ал түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау