USD: 465.1 / 468.1
  • EUR: 532.0 / 537.0
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Бақытжан Байжановқа бір емес, екі рақымшылық жасалуы заңға қайшы емес – адвокат

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ол Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырғаны үшін сотталған болатын.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа екі бірдей рақымшылық туралы заңның арқасында шықты. Бұл туралы Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ғалым Нұрпейісов түсіндірді.

Оның айтуынша, бастапқы сот үкімі бойынша Байжанов жазасын 2027 жылғы 18 шілдеге дейін өтеуі тиіс болған.

Адвокаттың сөзінше, алғаш рет оған Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заң қолданылып, жаза мерзімі қысқартылған.

"Бұл толықтай заңды. Қазақстан заңнамасында жазаны жеңілдетудің немесе одан босатудың екі тетігі қарастырылған. Біріншісі – Президент қол қоятын жеке кешірім жасау актісі. Екіншісі – заңда көрсетілген санаттағы адамдарға қолданылатын рақымшылық туралы заң. Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық аясында Байжанов сотталған бап қамтылғандықтан, сот оның жаза мерзімін қысқартты. Ал 2026 жылы қабылданған жаңа рақымшылық туралы заңда да осы бап қарастырылып, соның негізінде ол жазадан босатылды. Бұл екі заң бір-біріне қайшы келмейді. Сондықтан оған рақымшылықтың екі рет қолданылуы заң аясында жүзеге асты", – деді Ғалым Нұрпейісов.

Адвокаттың пікірінше, егер жаңа рақымшылық туралы заң қабылданбағанда, Байжанов жазаны неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруды немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрауға құқылы болар еді.

Оның айтуынша, былтыр соттың Байжановты бірден босатпауына бұл іске қатысты қоғамдағы үлкен резонанс әсер еткен болуы мүмкін.

Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті соттың Бақытжан Байжановқа пробациялық бақылау белгілегенін хабарлаған болатын. Сонымен қатар оған алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау