Тікелей эфир

Қазақстанда Qalamdas атты жаңа әдеби сыйлық құрылды

Байқауға өтінім қабылдау 1 наурызда басталып, сәуір айының соңына дейін жалғасады.

Алматылық ашық әдебиет мектебі және қазақстандық "Дактиль" онлайн әдеби журналы "Шеврон" компаниясы мен Алматыдағы АҚШ бас консулдығының MakerSpace Expands серіктестігі аясында "Мусагет" қоғамдық қорының негізін салушы Ольга Маркованы еске алуға арналған жаңа қазақстандық Qalamdas әдеби сыйлығын ұйымдастырылды. 

Qalamdas әдеби сыйлығы қазақ және орыс тілдерінде жазатын дарынды қазақстандық авторларды қолдауға ғана емес, олардың алдағы бірлесіп өркендеуі үшін ортақ шығармашылық кеңістікті қалыптастыруға арналған. Сонымен қатар, әдеби сыйлықтың тағы бір мақсаты – Қазақстанда көркем аударма мен әдеби сынды қолдау және дамыту.

Әдеби сыйлықтың шығармашылық байқауы екі тілде келесі бес аталым бойынша өткізіледі: "Поэзия", "Проза", "Балалар әдебиеті", "Әдеби сын" және "Көркем аударма". Байқауға алғашқы үш аталым бойынша қатысу үшін Қазақстанда тұратын 18-40 жас аралығындағы барлық автор өтінім бере алады. "Әдеби сын" және "Көркем аударма" аталымдарында үміткерлер жасына шек қойылмайды.

"Қазақстан үшін әдеби сыйлық – бұл ең алдымен авторларды моральдық әрі қаржылық тұрғыдан қолдау. (...).  Qalamdas әдеби сыйлығы осы мәселелерді шешуге арналған. Оның көмегімен біз әдеби аудармашылар мен сыншыларды тауып, алдағы уақытта олармен бірлесе жұмыс істеп, бұл салаларды дамытамыз деп үміттенеміз. Сондықтан осы екі аталымда үміткерлердің жасына шек қойылмайды деген шешім қабылдадық", – деді Qalamdas әдеби сыйлығын ұйымдастырушы мен үйлестіруші, "Дактиль" журналының бас редакторы Ирина Гумыркина.

Байқаудың ашық әрі әділ өтуі үшін үміткерлердің жұмыстары автордың аты-жөнінсіз бағаланады, ал қазылар алқасының мүшелері ретінде тек қазақстандық қаламгерлер ғана емес, шетелдік ақын-жазушылар мен әдеби сыншылар шақыртылған.

Байқауға өтінім қабылдау 1 наурызда басталып, сәуір айының соңына дейін жалғасады. Өтінімдер qalamdas.premia@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады. 1 шілдеде әдеби сыйлықтың лонг-тізімі, ал 1 қыркүйекте шорт-тізімі жарияланады. Qalamdas әдеби сыйлығы жеңімпаздарының есімдері әр аталым бойынша қазақ пен орыс тілдерінде 2022 жылғы қыркүйек айының соңындағы марапаттау рәсімінде жария етіледі. Әдеби сыйлықтың жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды. 

Әдеби сыйлықтың ережесі мен қазылар алқасы туралы ақпаратпен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары