Тікелей эфир

Қазақстанда пара алған адамды ұстап бергендер арасында 4 миллион теңге алғандар бар

Былтыр 11 ай ішінде жемқорлық дерегімен 505 тұлға сотталған.

Елімізде жемқорлық дерегі туралы құзырлы органдарға хабар берген 62 азаматқа 20 миллион теңгеге жуық ақшалай сыйақы төленген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Пара алған адамды ұстап берген тұрғындардың арасында 4 миллион теңге алғандар да бар екен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, былтыр 11 ай ішінде жемқорлық дерегімен 505 тұлға сотталған. Олардың 178-і пара алу, ал 42-і пара беру дерегі бойынша жазаға тартылған.Одан бөлек, парақорлар арасында делдал болған 14, жымқыру бабымен 187, ал алаяқтық бабымен 139 дерек әшкереленген.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады


Айта кету керек, темір торға тоғытылғандардың көбі лауазымды қызметте болған азаматтар. Мәселен, 2 экс-министр, 3 вице-министр, 16 әкім жемқорлық бабымен сотталған. Сондай-ақ, басшылық қызметте жұмыс істейтін 212 мемлекеттік қызметкер жазаға тартылған.

Серіктестер жаңалықтары