Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтары үшін Қазақстанның жоғары оқу орталықтарында дайындық курстарынан өтуі үшін мемлекеттік білім тапсырысын әзірлеп, оның жобасын қоғамдық талқыға ұсынды.
2024-2005 оқу жылына қарастырылған грант саны – 1750. Оның 1300 гранты Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ жастарға беріледі.
Гранттар төрт топқа бөлінген:
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар: 1300 грант;
- Тілдік дайындығын күшейту үшін: 200 грант;
- Шетел азаматтары: 50 грант;
- Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары: 200 грант.
Аталған грант түрлері қай университетке және қандай үлеспен бөлінгені туралы ақпарат Ашық НҚА порталында жарияланған.
Құжат жария талқыдан кейін ғылым және жоғары білім министрі қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: 79 мың грант – 104 мың талапкер: Қазақстанда білім грантына өтініш қабылдау аяқталды