USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстанда номиналы 1000 теңге болатын мерейтойлық банкнота айналымға шығады

Фото: Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк
Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген.

Қазақстан Ұлттық банкі Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Мерейтойлық банкнотаның дизайны қоңыр-сарғылт түсті. Алдыңғы бетінде Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға деген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан", – деп хабарлайды Ұлттық банк.

Банкнотаның бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сонымен қатар мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.

"Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сонымен бірге банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті", – деп ескертеді Ұлттық банк.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау