
Еуро 584—588 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 512–518 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,5 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,35 теңге. Еуро — 582,67.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 584—588 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19—6,31 аралығында саудаланып жатыр.