USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда некеге мәжбүрлеу үшін жаза әйелдерді ғана емес, ерлерді де қорғайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мәжілісте сталкинг пен некеге мәжбүрлеуге қарсы шаралар талқыланды.

Мәжілісте өткен "Сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің алдын алу" тақырыбындағы дөңгелек үстелде Артур Ластаев некеге мәжбүрлеуге қатысты қабылданған заңның ерекшеліктері туралы айтты.

Оның сөзінше, жаңа заң әйелдерді ғана емес, ер адамдарды да некеге мәжбүрлеуден қорғауға бағытталған.

Некеге мәжбүрлеудің барлық түріне жауапкершілік қарастырылған

Артур Ластаевтың айтуынша, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты 2023 жылдан бері қыз алып қашу мен некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін көтеріп келеді.

Нәтижесінде өткен жылы Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге қол қойып, некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік белгілейтін нормалар күшіне енді.

Уәкілдің пікірінше, Қазақстандағы заң көрші елдердегі тәжірибеден ауқымдырақ.

"Біз тек қыз алып қашуды ғана емес, некеге мәжбүрлеудің басқа да түрлерін қамтыдық. Олардың қатарында күш қолданамын деп қорқыту, бопсалау, мүлікті бүлдіру сияқты әрекеттер бар", – деді ол.

Ер адамдарды мәжбүрлеп үйлендіру де жазаланады

Ластаев заңның тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде ер азаматтарды некеге мәжбүрлеу фактілерінің де жауапкершілік аясына енгізілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, кей жағдайда жоспарланбаған жүктілікке байланысты қыздың туыстары баланың болжамды әкесіне қысым көрсетіп, некеге тұруға мәжбүрлейді. Енді мұндай әрекеттер де заң алдында жауапкершілікке әкеледі.

Гендерлік теңдік қағидаты сақталады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің пікірінше, ерлер мен әйелдердің құқықтарын бірдей қорғау халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

"Бұл гендерлік теңдікті сақтауға мүмкіндік береді және мемлекет адамның құқықтарын жынысына қарамастан қорғайтынын көрсетеді", – деді Артур Ластаев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз