Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі. Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
Спикер ұсынылған өзгерістердің басты тұстарына ерекше тоқталып, "Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер" атты бөлімнің жаңа атауы қарастырылған мәселелерді толық қамтитын атап өтті.
"Бұл өмір сүру құқығын абсолюттік дәрежеге көтеру, адамға бағдарланған саясат, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық пен "Миранда ережесінің", цифрлық дәуірде жеке мәліметтерді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды күшейту, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту деген сөз", – деді Бақыт Нұрмұханов.
Ол қазіргі уақытта Конституцияның 7-бөліміндегі сот әділдігі қағидаты ретінде қарастырылып отырған кейбір нормалардың адам құқықтарын қорғау кепілдігі ретінде осы бөлімге көшіріліп, жеке бапқа біріктірілетінін айтты.
"Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндік құқығына жаңа мән-мағына беріліп, демократиялық және құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның еркін дамуының маңызды шарты саналатын зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктерінің бөлек түрлері белгіленді", – деп атап өтті Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар Конституцияда қоршаған ортаны қорғау міндеттемелері күшейтіледі.
USD:
502.3 / 505.3
EUR:
596.0 / 600.0
RUB:
6.51 / 6.63

