Тікелей эфир

Қазақстанда МРТ аппаратымен тек 5 өңірлік балалар клиникасы жабдықталған

Ал компьютерлік томографиясы бар балалар клиникасы 12 өңірде ғана жұмыс істейді.

Қазақстанда балалар санының өсуіне байланысты оларға арналған ауруханалардың жүктемесі артқан. Соған қарамастан, соңғы 10 жылда бар болғаны 6 балалар ауруханасы бой көтерді. Ал бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан балалар ауруханаларының инфрақұрылымы ауыр науқастарды күтуге жарамайды Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген "Әрбір әйел – әрбір бала" тұжырымдамасының жобасында жазылған. 

Сондай-ақ, балаларға арналған стационарлардың техникалық жарақтандырылуы да мүшкіл. Медицина жабдықтарымен қамтылу деңгейі 88 пайыз болғанымен, техникалардың дені тозған. 

Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, компьютерлік томографияға арналған аппарат 12 өңірде ғана бар. Оның ішінде 7 аппараттың қолданылғанына 7 жылдан асқан. Тозу деңгейі 70 пайыздан астам. 


Оқи отырыңыз: "Көбелек балалар". Сирек кездесетін сырқатқа шалдыққандар көмекке мұқтаж


Ал МРТ аппараты тек 5 өңірдегі балалар клиникасында қолданылады. 

"Еліміздің балалар стационарларында ерте жастағы және орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларға зерттеулер анестезия аппаратын біріктіру мүмкіндігімен МРТ болмауына байланысты реаниматолог-анестезиолог дәрігердің анестезия беруімен жүргізіледі", – делінген тұжырымдама жобасында. 

Серіктестер жаңалықтары