2023 жылдың қыркүйегінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен АҚШ-тың Миннесота университеті арасында алғашқы келіссөздер өтті. 2024 жылдың сәуірінде Миннесота университеті облысқа жұмыс сапарымен келді. Кездесу қорытындысы бойынша ЖОО-лар 6b06104 Computer Science білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беруді іске асыру туралы келісім жасасты.
Құжаттарды қабылдау биыл 22 шілдеде басталады.
"АҚШ-тың Миннесота университеті білім беру және ғылыми зерттеулер сапасы бойынша әлемдегі ең жақсы университеттердің қатарына кіреді. Мәселен, әлемдік жоғары оқу орындарының рейтингінде ол 156-орында, АҚШ-тың үздік университеттерінің рейтингінде – 38-орында. Екі университеттің қос дипломдық бағдарламасы қазіргі заманғы еңбек нарығының халықаралық тәжірибесі мен әлемдік стандарттарына сәйкес келетін білімі, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызмет дағдылары бар жоғары білікті IT-мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл бағдарлама студенттерге әлемдік деңгейде білім алу арқылы кәсіби дамуға үлкен мүмкіндіктер береді", – делінген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ хабарламасында.
Оқи отырыңыз: 50 мен 125 арасы: Қазақстан университеттерінде грантқа түсу шекті балы қандай?
Толығырақ ақпарат алу үшін Қостанай өңірлік университетінің қабылдау комиссиясына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118. Байланыс телефоны: 8 (7142) 54-28-49, 8 775 155 04 00.