Тікелей эфир

Қазақстанда магистранттардың небәрі 8 пайызы ғана ғылымға бет бұрады

Ресми дерекке сәйкес, соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру көлемі 70 пайызға ұлғайды.

Қазақстанда бір жылда 19 мың адам магистратура, 2 500-ден астам азамат докторантураны тәмамдайды. Ол үшін бюджеттен шамамен 18 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Мұнымен қатар, ғалымдарды ынталандыруға бағытталған түрлі бағдарлама бар. Алайда магистранттардың небәрі 8 пайызы немесе 1 500-і ғана ғылымға бет бұрады. Ғалымдар мұның басты себебі мүмкіндікті шектейтін факторлардың көптігі екенін айтады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Ресми дерекке сәйкес, соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру көлемі 70 пайызға ұлғайды. Конкурстар да бұрынғыдай үш жылда бір рет емес, жыл сайын өткізіледі. Гранттың да сан алуан түрі бар. Мысалы, "Жас ғалым" жобасы аясында постдокторанттар үшін мың грант бөлінеді. Осы грантты иеленген азаматтар өзі таңдаған кез келген ғылыми ұйымда зерттеу жұмысымен айналысады. Үш жыл бойы 500 мың теңге жалақы алады. Алайда кейбір ғалымдар жастардың ғылымға дайындықсыз келетінін, докторанттардың өзі жобасын жарты жолда тастап кететінін айтады.

"Ғылымды ағылшын тілі мен "Скопус" деген журналға тіреп қойдық. Ғылымда тоқырау болса, осы екі саладан деп білген дұрыс. Қазір докторанттарды үш айға шетелге жібереді", – деді ғылым кандитаты Төреәлі Қыдыр. 


Оқи отырыңыз: Шетелдегі қазақ ғалымдар грант аясында Қазақстанға көшіп келе алады


Ал Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Covid-19 инфекциясына қарсы жасалған екі екпені соңғы жылдардағы ең маңызды ғылыми жетістігіміздің бірі деп отыр. Сондай-ақ, ғалымдар кобальт-57 радиоактивті изотопын арзан бағамен өндірудің жаңа технологиясын тапқан. Қазір отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері Қытай, Ресей, Түркия нарығына шығып отыр.

"Сатулар 390 млн теңгеден асады. Оларда ғалымдардың енжар табысы бар. Ғылыми әзірлемелердің ішінде – кобальт-57 радиоизотопы, зеңге қарсы дәрілік препарат, медициналық, тағамдық және тұрғын үй-жайларды санациялауға арналған биопрепараттар", – деді ғылым қоры жанындағы жобалық дирекциясының басқарушы директоры Манат Келдібеков. 

Ғалымдар қазір ғылыми дәреже алудың қиындағанын алға тартады. Жастар қол жеткізуге талпынатын биік шың – PhD докторлығы. Сол себепті студенттер магистратураға қажеттілікке бола түседі. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалымдар қанша жалақы алады?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары