Қазақстанда ЛГБТ насихатшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ

Елімізде жыныс ауыстыру мен бір жынысты некені қолдайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мәжілісмендер ЛГБТ-ны насихаттаған азаматтарға жаза қолдануды ұсынды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Нақтырақ айтсақ, депутаттар Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев Қылмыстық кодекстің 174- бабы, бірінші бөлігі, яғни "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру" дегенді "әлеуметтік алауыздықты, оның ішінде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттау арқылы қоздыру" сөздерімен толықтыруды ұсынады.


Оқи отырыңыз: Айгерім Құсайынқызы: "Бишімбаев ісінен кейін Қылмыстық кодекске "әйел өлтіру" деген бап енгізілуі қажет


Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 26 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы немесе екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз