Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде тұман түсіп, күндіз жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Петропавлда күн құбылмалы, бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +16...+18°C болады.
Қостанайда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +12...+14°C, күндіз +18...+20°C болады.
Көкшетауда таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз желді болады. Температура түнде +13...+15°C, күндіз +15...+17°C болады.
Павлодарда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C болады.
Қарағандыда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +8...+10°C, күндіз +19...+21°C болады.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы болады. Температура түнде +12...+14°C, күндіз +23...+25°C болады.
Өскеменде күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +5...+7°C, күндіз +22...+24°C болады.
Семейде де жауын-шашын болмайды. Түнде +5...+7°C, күндіз +23...+25°C болады.
Оралда күн құбылмалы, бұлтты болады. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C болады.
Атырауда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +14...+16°C, күндіз +24...+26°C болады.
Ақтөбеде күн құбылмалы, бұлтты болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел екпінді болады. Температура түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C болады.
Ақтауда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +17...+19°C, күндіз +25...+27°C болады.
Оңтүстік өңірлерде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Таразда ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +29...+31°C болады.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C болады.
Түркістанда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C болады.
Қызылордада күн аздаған бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C болады.
Қонаевта күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Температура түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C болады.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы +1...+3°C, күндіз +27...+29°C болады.
Алматыда күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C болады.
Астанада күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +23...+25°C болады.