USD: 472.7 / 475.7
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстанда "Кітап оқитын ұлт" жобасына 190 мыңға жуық адам қатысты

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
2026 жылдың алғашқы тоқсанында кітапханаларға 11 миллионнан астам адам барды.

Қазақстанда тұрақты кітап оқу әдетін қалыптастыру мақсатында "Кітап оқитын ұлт" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірнеше отырысында кітап оқуды ұлттық құндылыққа айналдыру қажет екенін атап өтті.

Осыған байланысты елімізде кітапханаларды жаңғырту, әдеби фестивальдер мен кітап жәрмеңкелерін өткізу, оқырман клубтарын дамыту және отандық авторларды қолдау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар оқу сауатын арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және жастардың сапалы білімге ұмтылысын күшейтуге ықпал етеді. Сондықтан "Кітап оқитын ұлт" бастамасы мәдени-гуманитарлық жобамен қатар, елдің адами капиталын дамытуға бағытталған стратегиялық қадам ретінде бағаланады. 

"Кітап оқитын ұлт – читающая нация" қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтың сөзінше, бұл жоба былтыр Қарағанды және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласынан басталған. Әу баста жоба әр аймақтан 25 мың адамды қамтуды көздесе, кейіннен олардың саны 189 211 адамға жеткен.

"Жоба қатысушылары 15 кітапты оқып, сол кітаптардан құралған 40 сұраққа жауап беруі керек. Соның ішінде 104 мыңнан астам адам жауап берді, яғни, олар 15 кітапты оқымаса сұраққа дұрыс жауап бермейтін еді. Кітаптарды оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты таңдап бекіттік. Оқушылардың арасында да, мұғалімдердің арасында да бәсеке туғыздық. "Кітап оқитын ұлт" жобасының жеті бағыты бар: мектеп, колледж, университет, педагог, ата-ана, спортшы, мемлекеттік қызметкер. Балаларға кітап оқыту үшін бірінші өзіміз кітап оқуымыз керек. Содан кейін ғана балаларға оқытамыз. Сондықтан ата-ана да атсалысуы керек, әйтпесе тек мұғалімнің шамасы жетпейді. Соның нәтижесінде былтыр үлкен жетістікке жетіп, 23 сәуірде Кітап күніне орай жеңімпаздарды марапаттадық", – деді Бақытжан Тұрлыбеков. 

Таңдалған 15 кітаптың бесеуі қазақстандық автордың шығармасы болса, бесеуі – шығыс, тағы бесеуі – батыс әдебиеті. Жобаның ендігі мақсаты – қатысушылардың санын екі миллион адамға жеткізу. Ол үшін 30 млн дана кітап керек. 

"Жоба 1 қыркүйекте қайта басталады. Тең жартысы онлайн оқыса оларға жазылым тегін беріледі. Ал қалғаны қағаз кітапты оқимын десе бір миллионнан астам кітап тауып беруіміз керек. Сондықтан баспагерлерден қолдау күтеміз. Әр аймақтан жүз мыңнан астам адам қамтылады. Президент жарлығында көрсетілгендей бұл жобаны бес жыл бойы ұйымдастырсақ, біз он миллион адамдай адамға кітап оқытамыз", – деді ол. 

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы директорының орынбасары Айтоты Жақыпова балаға кітапты мәжбүрлеп оқыту мүмкін емес, сондықтан оларды қызықтыра білу керек дейді. 

"Кішкентайынан қолына кітап алып өскен бала кітап оқуды әдетке айналдырды. Сондықтан күніне тым болмаса бір беттен оқу керек. 2024 жылға қарағанда 2025 жылы 2 млилионға кітапханаға келушілер саны көбейген. Республикада 12 мың кітапхана бар десек, оның төрт мыңы көпшілік кітапхана болса, соның өзі 57 миллион көрсеткіш беріп тұр. Студенттер жазғы демалысқа кетсе де, біздің кітапханамызға күн сайын мың адам келеді. Өте жақсы көрсеткіш. Кітап оқитын жастар көп", – деді ол.

Сарапшының айтуынша, кейінгі жылдары кітапхана қорлары жаңа кітаптармен толықтырылып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау