Әскердегі жаңа талап: енді сарбаздар жылына кемінде 5 кітап оқуға тиіс

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазақстан армиясы сарбаздардың оқу мәдениетін дамытады.

Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери қызметшілердің рухани және зияткерлік дамуына бағытталған жаңа талап енгізілді. Енді әскер қатарына шақырылған сарбаздар жылына кемінде 5 кітап оқуға міндетті болады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Бұл бастама 23 сәуір – Қазақстандағы Ұлттық кітап күні қарсаңында жарияланды. Аталған күн ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде де атап өтіледі. Қазақстанда бұл дата президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқу мәдениетін насихаттауға арналған маңызды мәдени-ағартушылық мереке ретінде енгізілген.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы Күштерде оқу мәдениетін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 52 434 дана көркем әдебиет және 198 293 оқу-әдістемелік басылым бар.

"Сонымен қатар, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанындағы әскери-ғылыми кітапхананың қоры да кеңейіп келеді. Кітапхана 2020 жылғы желтоқсан айында ашылған және бүгінде онда 7000-нан астам кітап сақталған", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама сарбаздардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, әскери ортада білімге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз