Тікелей эфир

Қазақстанда киіктерді атуға ресми рұқсат берілді

Осы күнге дейін ресми түрде 24 ақбөкен атып алынды.

Экология министрі Ерлан Нысанбаев дала кезген жануарларды тек тор арқылы аулау өте қиын екенін айтты. Осы күнге дейін ресми түрде 24 ақбөкен атып алынған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Биологиялық негіздемеге сәйкес, киік санын реттеудің екі әдісі таңдалған. Біріншісі, торға қамап ұстау. Онда Охотзоопром қызметкерлері ұзындығы 2 шақырым болатын тор құрып, қолға түсірген киіктерді сойып, етін комбинатқа өткізеді. Екіншісі, ақбөкендерді түнгі уақытта ату. Осы екі тәсілді пайдалану арқылы бүгінде 100-ден астам киік ауланған.

Министрліктің мәліметінше, 337 мың ақбөкенді ату немесе торға түсіру жоспарланған.

"Қазіргі күні киіктердің саны тарихи көрсеткіштен асып кетті. Яғни, екі миллионға жуық ақбөкен бар. Олар жыл сайын диқандардың егінін таптап, шығын келтіріп жатыр. Қазірдің өзінде шаруалардың шығыны 12 миллиард теңгені құрады. Олардың санын қысқартпасақ, көбейе береді", – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Серіктестер жаңалықтары